28
қаңтар
2021
Мектебімізде оқушыларымыздың Ақжүрек Достықұлы Таңатаровпен кездесу өткізілді.
Жас ұрпақты салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, елімізге танымал тұлғаларды насихаттау, ел намысын қорғаған спортшылармен кездесіп, олардың әңгіме – сұхбатын тыңдауы, айтқан ақыл – кеңестері мен ұсыныстарын жүрегінен өткізіп, ой- санасына түюі – үлкен тәрбиелік шара екендігі даусыз.
Осы орайда, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, бірнеше дүркін халықаралық біріншіліктердің жеңімпазы, ҚР еркін күрестен еңбек сіңірген спортшысы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына есімі енген, Мемлекеттік "Құрмет" орденінің иегері Ақжүрек Достықұлы Таңатаровпен кездесу өткізілді.





