15
ақпан
2021
«Есімде Ауған соғысы» тақырыбында кездесу өткізілді.
Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттыққа баулу, ұлтжандылық дағдыларын қалыптастыру мақсатында Ауған соғысы ардагерлерімен «Есімде Ауған соғысы» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Сәрсенбаев Бекболат Хамзаұлы және Жақашев Ғалымжан Қабираұлы шақырылды. Кездесу мектеп ауласындағы «Ерлікке тағзым» ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлер бір минуттық үнсіздікпен еске алынды. Іс-шара ерлік сабағымен жалғасын тапты. Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің ерліктері туралы баяндалды. Батырлық, ерлік туралы жыр-шумақтары оқылып, естеліктер айтылып, бейнероликтер көрсетілді.





