Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы
Тексеру жүргізгендер:
А.Сағынтаева –қамқоршылық кеңес төрағасы;
Л.Сейсембекова – ата - аналар комитетінің төрайымы;
Р.Махашева - қамқоршылық кеңес мүшесі;
Ш.Нармуратов- директордың орынбасары;
Қ.Базарбаева- мектеп медбикесі;
М.Райсова- әлеуметтік педагог;
Тексеру барысында басшылыққа алынған критерийлер:
1. Мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізуі, тазалығы, ас мәзірі, оқушылардың кестесі бойынша асханадан тамақтануы.
Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:
Жалпы мектеп асханасынан ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны -1900 оқушы. Әлеуметтік жағдайларына байланысты тегін тамақтанатын оқушылар саны 250 оқушы.
Ас мәзірі, сыныптардың тамақтану кестесі бар. Бракераж журналына жазу арқылы дайын тағамның сапасына бақылау жүргізілген. Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі: ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады. Тамақтың сапасы, тамақтың дайындалуы өз деңгейінде. Жалпы асхананың санитарлық жағдайы санитарлық талапқа сай.
Тексеру кезіндегі ас мәзірі оқушыларға берілетін ас мәзіріне сәйкес әзірленген. Мектеп асханасының көрінетін жерінде дұрыс тамақтану бұрышы ұйымдастырылып, «Бақылау асы» қойылған.
Комиссия асхана жұмысын жан – жақты тексеріп, төмендегідей шешімге келді.
Шешім:
- Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары санитариялық талапқа сай.
- Тамақтандырудың сапасы, тағамдардың сапалық құрамы өз деңгейінде.
- Бракераж журналы уақытылы жүргізілген.
- Ыдыс-аяқ жуатын бөлмелер, азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.
- Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде.
Ұсыныс:
1. Асхана жұмысы комиссия мүшелері тарапынан үнемі бақылансын.