Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы
Мектеп-гимназиядағы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы оқушыларды мектеп асханасынан тамақтандырудың сапасын тексеру басшылыққа алынды. 2022 жыл 12 қазан күні мектеп асханасының жұмысы тексерілді. Тексерудегі мақсат – мектеп асхасындағы ыстық тамақты ұйымдастырудың сапасына мониторинг жүргізу, талапқа сай жұмыс істеуін бақылау.
А.Сағынтаева –қамқоршылық кеңес төрағасы;
Л.Сейсембекова – ата - аналар комитетінің төрайымы;
Ш.Нармуратов- директордың орынбасары;
Қ.Базарбаева- мектеп медбикесі;
М.Райсова- әлеуметтік педагог;
А.Абилхайрова- қамқоршылық кеңес мүшесі;
Тексеру барысында басшылыққа алынған критерийлер:
1. Мектептегі аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларының бекітілген кестеге сәйкес тамақтануы.
2. Мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізуі, тамақтың бекітілген ас мәзірі бойынша әзірленуі, азық-түліктердің сапасы мен сақталу мерзімдері.
Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:
Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы мектептегі 2398 оқушының 1920-сы ыстық тамақпен қамтылған, ақысыз ыстық тамақпен 245 оқушы қамтылған. Олардың күнделікті асханадан ақысыз ыстық тамақпен қамтылуын сынып жетекшілері және әлеуметтік педагог М.Райсова қадағалайды.
Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс-аяқтардың тазалығы, азық-түлік сақтайтын қоймалар, жеміс-көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, қуыру цехтары, ыдыс-аяқ жуатын бөлмелер, азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақтылы толтырылған. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталуы қамтамасыз етілген. Тексеру барысында асханадағы кейбір ыдыстардың сыры ұшқаны анықталды. Оларды дер кезінде ауыстыру ескертілді.
Комиссия асхана жұмысын жан – жақты тексеріп, төмендегідей шешімге келді.
Шешім:
1.Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай.
2.Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған.
3.Азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.
4. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің шығымы өз деңгейінде.
5. Аталған кемшілік жөнінде бас аспазшы Н.Арыноваға ескертіліп, дер кезінде жойылсын.
Ұсыныс:
- Оқушылардың мектеп асханасынан күнделікті тамақтануы мектеп медбикесі, сынып жетекшілер және әлеуметтік педагог тарапынан қадағалансын.