Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы
Мектеп-гимназияда тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы құрылып, тамақтандырудың сапасын тексеру басшылыққа алынды. 2022 жыл 9 қыркүйек күні мектеп асханасының жұмысы тексерілді. Тексерудегі мақсат – тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу, мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізілуін бақылау.
Тексеру жүргізгендер:
А.Сағынтаева –қамқоршылық кеңес төрағасы;
Л.Сейсембекова – ата - аналар комитетінің төрайымы;
Ш.Нармуратов - директордың орынбасары;
Қ.Базарбаева - мектеп медбикесі;
М.Райсова - әлеуметтік педагог;
А.Абилхайрова- қамқоршылық кеңес мүшесі;
Тексеру барысында басшылыққа алынған критерийлер:
1. Мектептегі аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына бекітілген тамақтың ас мәзірі бойынша әзірленуі, тамақтың сапасын бақылау.
2. Мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізуі, балалардың бекітілген тамақтану кестесі бойынша асханада тамақтануы.
Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:
Жалпы мектеп асханасынан ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны -1930 оқушы. Әлеуметтік жағдайларына байланысты тегін тамақтанатын оқушылар саны 239 оқушы.
Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, санитарлық талапқа сай.
Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі: ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады. Тамақтың сапасы, тамақтың дайындалуы өз деңгейінде.
Ас мәзірі, сыныптардың тамақтану кестесі бар. Бастауыш, орта және жоғарғы буын сыныптарының тамақтану мерзімі қойылып ережесі сақталған. Тексеру кезіндегі ас мәзірі оқушыларға берілетін ас мәзіріне сәйкес әзірленген. Бракераж журналына жазу арқылы дайын тағамның сапасына бақылау жүргізілген. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын, кептіретін арнайы орынның жабдықталуы бар. Мектеп асханасында оқушылардың тамақтану кестесіне орай мектеп әкімшілігінен және мұғалімдерден кезекшілік ұйымдастырылған.
Комиссия асхана жұмысын жан – жақты тексеріп, төмендегідей шешімге келді.
Шешім:
- Тамақтандырудың сапасы талапқа сай.
- Асхананың тазалығы санитариялық - эпидемиологиялық ережеге сай.
- Асхана қызметкерлері санитарлық - гигиеналық нормалары сақталған.
Ұсыныс:
1. Асхана жұмысы комиссия мүшелері тарапынан үнемі бақылансын.