Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы
Мектеп асханасынан оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы тамақтандырудың сапасын тексеру басшылыққа алынды. 2022 жыл 16 қараша күні мектеп асханасының жұмысы тексерілді.
Тексерудегі мақсат – тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін, мектеп асханасының талапқа сай жұмыс істеуін бақылау.
Тексеру жүргізгендер:
А.Сағынтаева –қамқоршылық кеңес төрағасы;
Л.Сейсембекова – ата - аналар комитетінің төрайымы;
Р.Махашева - қамқоршылық кеңес мүшесі;
Ш.Нармуратов- директордың орынбасары;
М.Райсова- әлеуметтік педагог;
Қ.Базарбаева- мектеп медбикесі;
Тексеру барысында басшылыққа алынған критерийлер:
1. Мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізуі, тамақтың бекітілген ас мәзірі бойынша әзірленуі, балалардың бекітілген тамақтану кестесі бойынша асханада тамақтануы. Өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері. Тамақтың мөлшері, асхананың тазалығы.
Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:
Мектеп-гимназия асханасындағы ас мәзірі перспективалық ас мәзіріне сәйкес жасалынған. Мектеп асхана жабдықтарының жарамдылығы өнімдер мен дайын тағамдар сақтау технологиясы талапқа сай. Жеткізілген тамақ өнімдерінің сақтау мерзімдері өз деңгейінде. Тоңазытқыштағы тағамның тәулік сынамалары ас мәзірінің кестесіне сәйкес қойылған. Тәулік сынама қақпағы бар шыны ыдысқа салынған. Ас блогында ет, сүт, көкеністі бөлек сақтайтын арнайы тоңазытқыш бар, бөлек арнайы жеке сақталынған.
Комиссия асхана жұмысын жан – жақты тексеріп, төмендегідей шешімге келді.
Шешім:
- Тағамдардың сапалық құрамы талапқа сай. Бақылау тағамы қойылған. Тамақтың мөлшері, асхананың тазалығы талапқа сай. Сапасыз дайындалған өнімдер мен тамақтар анықталған жоқ.
2. Асхананың тазалығы санитариялық - эпидемиологиялық ережеге сай.