Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы » СШ №5
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-08-20
Есепші:
+7(7262) 43-08-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
сәуір
2022

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы
2021-2022 оқу жылы, сәуір айы
Мектеп-гимназия тамақтандырудың сапасын тексеру басшылыққа ала отырып, 2022 жыл сәуір айының 26 күні мектеп асханасының жұмысы тексерілді. Тексерудегі мақсат – тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін, мектеп асханасының талапқа сай жұмыс істеуін бақылау.
С. Төлеу-комисия төрағасы, мектеп-гимназия директоры
А.Сағынтаева –қамқоршылық кеңес төрағасы;
Л.Сейсембекова – ата - аналар комитетінің төрайымы;
Ш.Нармуратов-мүшесі, директордың орынбасары;
Қ.Базарбаева- мүшесі, мектеп медбикесі;
М.Райсова- мүшесі, әлеуметтік педагог;
Тексеру барысында басшылыққа алынған критерийлер:
1. Мектептегі аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларының бекітілген кестеге сәйкес тамақтануы.
2. Мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізуі, тамақтың бекітілген ас мәзірі бойынша әзірленуі, балалардың бекітілген тамақтану кестесі бойынша асханада тамақтануы.
Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:
Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы мектептегі 2268 оқушының 1927-і ыстық тамақпен қамтылған, ақысыз ыстық тамақпен 171 оқушы қамтылған. Олардың күнделікті асханадан ақысыз ыстық тамақпен қамтылуын сынып жетекшілері және әлеуметтік педагог М.Райсова қадағалайды.
Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс-аяқтардың тазалығы, азық-түлік сақтайтын қоймалар, жеміс-көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, қуыру цехтары, ыдыс-аяқ жуатын бөлмелер, азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақтылы толтырылған. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталуы қамтамасыз етілген. Ата-аналар мен басқа бақылаушылар тарапынан «Шағымдар мен ұсыныстар» журналы арналған. Мектеп асханасының көрінетін жерінде дұрыс тамақтану бұрышы ұйымдастырылып, «Бақылау асы» қойылған. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді. Оқушылардың мектеп асханасынан ыстық тамақпен қамтылуы оқушылардың жалпы санының -85 % құрайды. Тексеру барысында асханадағы кейбір ыдыстардың сыры ұшқаны анықталды. Оларды дер кезінде ауыстыру ескертілді.
Комиссия асхана жұмысын жан – жақты тексеріп, төмендегідей шешімге келді.
Шешім:
1.Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай.
2.Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған.
3.Азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.
4. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің шығымы өз деңгейінде.
5. Аталған кемшілік жөнінде бас аспазшы Н.Арыноваға ескертіліп, дер кезінде жойылсын.
Ұсыныс:
1.Оқушылардың мектеп асханасынан күнделікті тамақтануы мектеп медбикесі, сынып жетекшілер және әлеуметтік педагог тарапынан қадағалансын.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив