Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназия қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысының ХАТТАМАСЫ
Жамбыл атындағы №5 мекеп-гимназиясы қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысының ХАТТАМАСЫ
Өткізілген уақыты: 17 сәуір 2019 жыл, сағат 16:00
Өткізілген орны: №5 мектеп-гимназиясы
Шақырылғандар: қамқоршылық кеңес мүшелері.
Қатысқандар саны: 12
КҮН ТӘРТІБІ:
Мектеп-гимназия директорының Қамқоршылық кеңесі алдындағы есебі
Баяндамашы: Төлеу С.Е.- мектеп-гимназия директоры Б
Баяндамашы:лім беру ұйымдары бойеспай
ТЫҢДАЛДЫ:л Төлеу С.Е.- мектеп-гимназия директоры
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша 2019 жылдың 2 тоқсанында Қамқоршылық кеңес отырысында мектеп-гимназия директорының есебі тыңдалды.
2018-2019 оқу жылында оқушыларға заман талабына сай білім, тәрбие беру мақсатында мектепте төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Қазіргі таңда 1-3, 5-8 сыныптар жаңартылған білім беру жүйесінде оқытылуда және барлық сыныптар электронды күнделік пен журналға ауыстырылып, жұмыс жүргізілуде.
Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру басқармасының бағдарламасына сәйкес қазіргі озық тәжірбиені, жаңа технологияларды тарату мақсатында, өңірдегі 40 білім мекемесі базалық алаң ретінде жұмыс атқаруда, бұл орайда мектебіміз осы 40 білім беру ұйымының бірі болып таңдалып, 14 серіктес мектепке озық-тәжірбие тарататын базалық мектеп болып тағайындалды.
Биылғы оқу жылында қала мектептерінің ұстаздарына арналған «Мұғалімнің кәсіби дамуы - білім беру жүйесін жаңартудың негізі» тақырыбында қалалық семинар, «Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы оқыту» тақырыбында шығармашылық кеш, «Оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бақылауға дайындық деңгейін жетілдіру жолдары» тақырыбында облыстық ашық есік күні, «Іс-әрекеттегі зерттеу: жоспарлау, тәжірибе, нәтиже» тақырыбында облыстық семинарлар ұйымдастырылды.
2018-2019 оқу жылында өткізілген қалалық олимпиадада 14 оқушы, облыстық олимпиадада 8 оқушы жүлделі орынды иеленіп, 10 сынып оқушысы Өмірбек Мәртай «Қазақстан тарихы» пәнінен республикалық олимпиадаға қатысты.
Қалалық ғылыми жобалар байқауында 5 оқушы, облыстық кезеңде 5 оқушы жүлдегер атанды, республикалық байқауға 3 оқушы: 11 сынып оқушысы Қойбек Айбек, 11 сынып оқушысы Өміралиева Жанерке, 9 сынып оқушысы Әділбек Жанерке жолдама алды.
Халықаралық Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика саласы бойынша зерттеу жұмыстары байқауына 11 сынып оқушысы Мамешова Сымбат қатысып, ІІІ орынды иеледі.
Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауына қатысқан биология пәнінің мұғалімі Жүсіпбекова Жанар және химия пәнінің мұғалімі Нуртаева Сандуғаш І орынды жеңіп алды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұрпақтар сабақтастығын орнату, мектеп оқушыларының туған жерге, білім алған мектебіне деген құрметтерін қалыптастыру мақсатында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына есімі енген, «Ең үздік жас дәрігер» атағының иегері, дәрігер, нейрохирург, мектебіміздің түлегі Саршаев Марат Аманғалиұлымен кездесу өткізілді.
«Туған мектепке тағзым» жобасы аясында мектебіміздің түлегі, «Жамбыл облысы жастар ұйымдары Қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің» Президенті Дастан Исламбек Дастанұлымен «Түлектер сабағы» ұйымдастырылды.
Мектеп кітапханасында оқушылар айтыскер ақын Серік Қалиевпен кездесіп, қызықты сұхбат өткізілді.
Тарихи, мол мұраларымызды келешек ұрпақ кәдесіне жарату мақсатында, мектебімізде «Замандас» драма үйірмесінің жетекшісі, ҚР халық әртісі Мәкен Рахымжанқызының ұйымдастыруымен «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» драмасы мектеп сахнасына қойылды.
Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен қала мектептерінің арасында өткізілген «Біз-ұлы дала елінің жастарымыз» фестиваль-байқауына қатысып, «Театр этюді» номинациясы бойынша «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» драмасы жүлделі 1 орынды иеленсе, облыс мектептері арасында «Театрдың ғажайып әлемі» фестиваль-байқауында 2 орынды иеленді.
Байзақ ауданының Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы әкімшілігінің шақыртуымен мектептер арасында шығармашылық байланысты орнату, оқушыларды достық қарым-қатынаста тәрбиелеу мақсатында «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» драмасы гимназия оқушыларына көрсетілді.
Биылғы оқу жылында ата-аналармен көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шаралардың мақсаты бала тәрбиесіндегі ата-ананың ерекше орын алатындығын ұғындыру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу болып табылыды. Осы орайда бастауыш сынып ата-аналары арасында «Үлгілі отбасы» байқауы өткізілді.
6-сынып ата-аналарымен «Салауатты өмір салты-менің баламның болашағы» тақырыбында отбасылық спорттық сайысы өткізілді. Бұл сайысқа 7 отбасы қатысты.
5 «Д» сынып ата-аналарымен «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында отбасылық шығармашылық байқауы ұйымдастырылып, 16 отбасы қатысты.
«Салт-дәстүрім-асыл қазынам» атты қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау мақсатында 5-сынып ата-аналары арасында байқау өткізіліп, әр сынып жеребе бойынша, салт-дәстүрлерді көрініс арқылы сахнада бейнеледі.
Мектепте үш тілде білім беру, оқушылардың коммуникативтік және танымдық құзыреттілігін дамыту мақсатында эксперимент жұмыстары жүргізілуде. Көптілді оқытуда эксперимент сыныптарының оқу жоспары бойынша 6 «б, в», 7 «б,в» сыныптарында дүниежүзі тарихы пәні орыс тілінде, 7 «а, ә», 8 «а, ә» сыныптарында информатика пәні ағылшын тілінде, 7 «а, ә, г, д», 8 «а, ә» сыныптарда биология пәні ағылшын тілінде, 8 «а, ә», 9 «а, ә» сыныптарда химия пәні ағылшын тілінде, 7 «а, ә», 8 «а, ә, б, в», 9 «б, в» сыныптарда физика пәні ағылшын тілінде оқытылуда.
Биылғы оқу жылында эксперимент алаңына үйірме бойынша оқушылар мен мұғалімдердің ағылшын тілінде сөздік қорын, сөйлеу, айтылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын дамыту мақсатында үйірмеде ағылшын тілі бойынша топтар ашылды. Әр топта 10-13 оқушыдан қамтылып, 1сағат 20 минуттан аптасына 2 рет сабақ өткізілуде. Информатика, жаратылыстану пәндері бойынша оқушылар термин сөздерді меңгеріп, ұстаздардан дәріс алуда. Мұғалімдер А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлік курстарын аяқтады. Мектеп қабырғасында жаратылыстану, информатика пәндері мұғалімдері ағылшын тілінде білімдерін жетілдіруде, дәріс алуда.
2018-2019 оқу жылындақамқоршылық кеңестің көмегімен төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Мектептің мәжіліс залының сахналық және терезе перделері жаңартылды. Сахнаның безендірілуіне жасанды гүл шоқтары алынды. Мәжіліс залының және бастауыш мектептің жарықтандыру лампалары ауыстырылды. Мектеп су ағарларының істен шыққан крандары жаңартылды. Робототехника үйірмесіне «Робот Лего» құрастырғыштарын алып берді. Интернет және электр құрылғыларына қажетті заттар алынды. Мектеп ауласын көгалдандыруға шырша, туя ағашы көшеттері алынып, отырғызылды.
1 маусым- халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық балалар және жастар музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруіне қатысатын 50 оқушыға бірдей үлгіде ұлттық костюмдер тігуге қажетті материалдар алынды.
Қамқоршылық кеңес мектепте өткізілген іс-шаралар мен спорттық жарыстарға оқушыларды ынталандыру мақсатында демеушілік көмек көрсетіп келеді.
Алдағы уақытта қамқоршылық кеңестің жоспарына бастауыш мектептің асханасының терезелерін ауыстыру және мәжіліс залының экранын жаңартуға ұсыныс білдіреміз.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша Қамқоршылық кеңестіңШЕШІМІ:
Мектеп-гимназия директоры С.Е.Төлеудің қамқоршылық кеңес алдындағы есебі негізге алынсын.
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Сағынтаева Айткүл
Хатшы: Ермекбаева ҚымбатТлеубаев Д.