22
қаңтар
2021
"Ең қиын мамандық — адам болып қалу"
Ең қиын мамандық — адам болып қалу
Хосе Хулиан Марти
Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназия кітапханасында 2021 жылдың 22 қаңтар күні 9 «б» сынып оқушыларының қатысуымен «Менің мамандығым – менің болашағым» атты танымдылық сағат өтті. Оқушылар мамандық әлемімен танысып, алдыңғы 5-10 жылда әлем бойынша сұранысқа ие болатын және мүлдем жойылып кететін мамандықтар туралы көптеген пайдалы ақпаратпен танысты.
Іс-шараның басты мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет ететін, адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі екенін түсіндіру.