ТҰЖЫРЫМДАМА » СШ №5
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-08-20
Есепші:
+7(7262) 43-08-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
желтоқсан
2022

ТҰЖЫРЫМДАМА

СІЛТЕМЕ ЖАСАҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР 


Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының негізінде құралған «Қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың ұйымдастыру-педагогикалық шарттары» тақырыбындағы эксперименттік алаң жұмысының 2022-2027 оқу жылдарына арналған  тұжырымдамасында  мына төмендегі стандарттар (құжаттар) пайдаланылды: 

  1. Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - Егемен Қазақстан, сәуір. 2017
  2. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
  3. «Қазақстан Республикасы  Білім  туралы   Заңы»  2007 жылғы 27 шілдедегі №319 - бұйрығы (27.06.2022 жылы №129 - бұйрығымен өзгертулер мен толықтырулар  енгізілген).
  4. Оқытуды ұйымдастыру  жағдайы бойынша  білім  беру   ұйымдары қызметінің үлгілік   қағидалары  (2013 жылғы 17 қыркүйектегі  №375 – бұйрығы).
  5. «Педагог мәртебесі туралы» Заңы  2019 жылғы 27 желтоқсандағы   № 293-бұйрығы.
  6. ҚР  стратегиялық  дамуының   «Қазақстан - 2050» бағдарламасы.
  7. Қазақстан  Республикасының мемлекеттік  жалпыға  міндетті білім  беру   стандарты 2018 жылғы 31 қазандағы №604 - бұйрығы.
  8.  «2022-2023 оқу  жылында Қазақстан Республикасының орта  білім   беру  ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау  хат

Кіріспе

Зерттеудің өзекттілігі. 

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау. 

       «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы ең алдымен, еліміздің Біртұтас ұлт болуын мақсат етіп, соған барар жолдағы ұлттың рухани болмысының мәні қалай болуы керек, нені негізге алып, қандай базалық құндылықтарды сақтауымыз қажет, ертеңгі ұрпаққа табыстар мұрамыздың сипаты қандай болуы керек, бүгінгі жастар мұраты қандай, батысқа еліктеу Еліміздің болашақ межесіне үлгі бола ала ма деген бүгінде қазақ қоғамын іштей толғандырып жүрген басты мәселелердің шешімі мен оның бағдары осы бағдарламада кеңінен қозғалып, тиянақталған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ұлттық құндылыққа қанығып өскен өреннің танымы терең, ділі берік болатынын ерекше атап өткен. Олай болса, оқушыларды қоғамда әлеуметтенуге дайындау барысында олардың жоғары кәсіби құзыреттілігі, бәсекеге қабілеттілігі, мәдениетінің жоғары болуы – бұл білім беру саласының негізгі бағыттарының бірі болып саналады, өйткені қазіргі нарық жағдайында азаматтардың әлеуметтік жағынан қорғалуы олардың біліміне, кәсіби біліктілігіне, құзыреттілігі және шеберлігімен ғана өшенбейді. Сонымен қатар, ұлттық ерекшеліктері мен этономәдени құзыреттілігімен де байланысты. Қазақстан Респубикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және күш-қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделгенін ескерсек, оқушыларды жаңашылдыққа даярлаумен қатар, олардың бойына ұлттық құндылықтарымызды қалыптастыруымыз керек.

Ұлттық құндылықтар - әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері, мәдени мұралары ұлтымыздың рухани байлығы. 

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат - міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ қалыптастыру. Ұрпақ тәрбиесі мен білім беру жүйесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол,  мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп қалыптастыру біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ойлы - пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі болашақ екенін ескерер болсақ, бәсекеге қабілетті, жаңа уақыттың өктем талабына үн қоса алатын азамат тәрбиелеу – бүгінгі күннің ең маңызды басымдылығы. Ұрпақ тәрбиесі мен білім беру жүйесіне құндылық бағытта жаңаша көзқараспен қарау, озық мәдениет үлгісіне үйлесімділігін қосу, белсенділікті дамыту, тұлға еркіндігін жан-жақты қалыптастыру басты мәселе болып отыр. 

Адамның бойында ұлттық құндылықтардың мәні, тәрбиелік маңызы ойшыл ғұламалар, ұлы педагогтар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, А.Яссауи, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытовтың еңбектерінде  жан-жақты талданған. Рухани-адамгершілік   тәрбие мен ұлттық құндылықтар отандық зерттеуші ғалымдар Қ.Жарықбаев, С.Бердібаева, Н.С.Әлқожаева, А.Т.Өтебаева, Г.А.Ерғалиева және т.б. еңбектерінен көре аламыз.

Жалпы құндылықтар  мәселесінің  аксиологиялық   аспектіне  батыс еуропа  философиясының  көрнекті өкілдерінің  еңбектері арналған. Олардың арасынан  Г.Гегельді, Э.Гуссерлді, У. Джеймсті, С. Къеркогорды, Ф. Ницшені,  Ж.П. Сартрды, Э. Фроммды, М. Хайдеггерді,  А.Шопенгауэрді,  О. Шпенглерді,  К.Ясперсті   атап  өтуге болады.  

Қазақстанның заманауи білім беру саясаты үшін ұлттық құндылықтарды насихаттау, оқушылар бойында қалыптастыруда салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар және этномәдени мұралық педагогиканың әлеуетіне, этнопсихологиялық ерекшеліктеріне сүйенумен бірге жергілікті компонеттерден негізделген бірлескен білім беру кеңістігін қалыптастыру идеялары ерекше өзекті. 

Білім деңгейін көтеру және ұлттық құндылықты насихаттауды арттыру мақсатында интегралды әдіс пен әмбебап құралдың тұлғаға әрекет етуі ретінде әртүрлі деңгейдегі білім беру мекемелері мен этномәдени мұралардың ынтымақтастығын шындығында да бірегей етеді. Адамзат қоғамының сан ғасырлық тарихы мен салт-дәстүрінен, өнері мен мәдениетінен, ғылымы мен білімінен ең қысқа уақыт ішінде хабардар ететін ақпараттық жылдамдыққа ие бірден-бір ғылыми-танымдық орын, әрі көп қырлы тарихи қалыптасқан мәдени-әлеуметтік институт біздің этномәдени мұраларымыз. Осы орайда білім беру үдерісіндегі негізгі мақсаты – тұлғаның сол кезеңдегі тарихи-мәдени кеңістіктегі ұлттық танымын арттыру.

Мақсатты белгісі бойынша ұлттық құндылықтарды қалыптастыру процесінің құрылымы, білім беру кеңістігі олардың шешілуіне бағытталып, мынадай мәселелер жиынтығынан тұрады:

  • тұлғаның толық қалыптасуы;
  • жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның рухани-адамгершілік  қасиеттерінің қалыптасуы;
  • тұлға дамуының үйлесімді интеллектуалды, коммуникативтік, көңіл-күй және еріктік түрткілері; 
  • ғылым, мәдениет, өнер саласындағы мүмкіндіктері мен тілеулерін, сондай-ақ әлеуметтілік қажеттіліктерін ескере отырып, тұлғаның бейімділігін, қабілеттерін және қызығушылықтарын дамыту;
  • жеке және қоғамдық сананы дамытатын танымдық әрекетін ұйымдастыру;
  • оқыту мен тәрбие беру мақсатымен дәйектелген тұлға қасиеттерінің құрылуын ынталандыратын тұлғалық және әлеуметтік құнды, алуан қырлы қызметті ұйымдастыру;

Қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың ұйымдастыру үдерісінде   оқушылардың   танымдық, эстетикалық, сұхбатты, пәнаралық, медиа-ақпараттық. Демек, қала жағдайында оқушылардың креативті және парасатты ойлауын, танымдық белсенділігін қамтамасыз ететін тәрбиелеу мен оқытудың жаңа жағдайлары білім беру кеңістігі субъектін және оқушының әлеуетіне тікелей әсері мол ұлттық құндылықты қалыптастырудың теориялық, әдістемелік, педагогикалық шарттарын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады. Осы міндеттерді шешу жолында жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің басында оқушының танымдық белсенділігін дамыту, ой пікірінің ұшқырлығын қалыптастыру, танымдық қызығушылығын арттыру оның үнемі ізденіске бағыттау жатыр.  Бұл ұлттық құндылықты насихаттау бағытында еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу-тәрбие үдерісінде, сабақтан тыс іс-шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылу қажеттігі анықталған.

Сонымен, ғылыми зерттеулер мен философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерді және білім беру жүйесіндегі педагогикалық үдерісті талдау барысында төмендегідей  қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік алдық:

  •  қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негізделуінің жеткіліксіздігі арасындағы; 
  •   оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда психологиялық-педагогикалық жағдайлардың әлі де болса жүйелі ұйымдастырылмауы арасындағы; 
  • білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында орта білім беру жүйесінде оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды ұйымдастыру талаптары мен бұл мәселені іске асыруда оған негіз болатын жаңаша оқу мазмұнын меңгертудің технологияларын қажеттілігі арасындағы қайшылықтар зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты: «Қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың ұйымдастыру-педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты – қала мектеп жағдайында орта білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды насихаттау  үдерісін ғылыми-теориялық негіздеу және оны жүзеге асырудың  тәжірибелік ерекшеліктерін анықтау, оқу-тәрбие үдерісіне ендіруді   тәжірибелік сынақтан өткізу.

Зерттеу міндеттері:

1. Білім  берудің  жаңа   парадигмасы  мен  жалпы   орта  білім  беру   жүйесін дамыту тенденциялары аясында оқушы тұлғасын қалыптастыруда мектеп-гимназияның білім беру кеңістігін құрастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау;

2. Қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы   мүмкіндіктерін айқындау;

3. Этномәдени мұра материалдарын оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы  дидактикалық  мазмұнын жүйелеу, оның тиімділігін  дәлелдеу;

5Оқушының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептің білім беру кеңістігінің тәжірибесін насихаттау, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету,  оның тиімділігін педагогикалық тәжірибе жүзінде тексеру, сараптамалық талдау және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау.

Ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселесінің өзектілігі білім беру аясында оқушылардың ішкі әлемін рухани байыту міндеттері туындайды. Бұл міндеттің шешімін іздестіруде тәрбиелік-танымдық жұмыстар жүйесі ерекше рөл атқарады. Оның негізгі мақсаты – оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, олардың сабақта алған білім, іскерлік, дағдыларын дамыту, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу. Эксперименттік ғылыми-зерттеу алаңы -  зерттеулерге, эксперименттерге, ғылыми ойлауға талпынысы мен  қызығушылығы бар оқушыларды біріктіруге шақырады, өзіндік ой қорыту, креативтілік тәрізді  қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Мазмұны: ғылыми жобаларды әзірлеу және қорғау, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу, мектеп-гимназияның эксперименттік ғылыми-зерттеу лабораторияларындағы оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, пәндік олимпиадаларға дайындау, интеллектуалды ойындар, клубтар, байқауларды ұйымдастыру. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив