Биыл жүз жыл өмір сүріп, жүз жыл жырлаған, ғасыр ақыны, жыл алыбы атанған Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Заманында «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл атамыздың қалдырған мұрасы ұрпаққа өнеге. » СШ №5
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-08-20
Есепші:
+7(7262) 43-08-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Биыл жүз жыл өмір сүріп, жүз жыл жырлаған, ғасыр ақыны, жыл алыбы атанған Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Заманында «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл атамыздың қалдырған мұрасы ұрпаққа өнеге.
26
ақпан
2021

Биыл жүз жыл өмір сүріп, жүз жыл жырлаған, ғасыр ақыны, жыл алыбы атанған Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Заманында «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл атамыздың қалдырған мұрасы ұрпаққа өнеге.

Биыл жүз жыл өмір сүріп, жүз жыл жырлаған, ғасыр ақыны, жыл алыбы атанған Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Заманында «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл атамыздың қалдырған мұрасы ұрпаққа өнеге.
    Осыған орай Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназия кітапханасы «Шұрайлы жырдан өшпес мұра қалдырған дүлдүл ақын» тақырыбында  бір кітаптың тарихымен танысуды ұсынады. 
           Жамбылдың ұрпақтары,  әдебиет пен мәдениет әлеміндегі өшпес орны бар ақынның, құдіретті жырларынан ләззат алуды өзінің борышы деп санайды.
          Әрбір кітапхана өзінің ерекше, сирек кездесетін  кітаптарымен құнды. Осындай мақтануға тұратын елеулі  құндылықтарымыздың бірі  Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасынан 2012 жылы, бар болғаны 100 дана болып шыққан Жыр алыбы Жамбылдың  төрт томдық толық жинағы. Бұл жинақ филология ғылымдарының докторы, профессор Бекен Ыбырайымның басшылығымен  жарық көрді.
          Жамбыл Жабаевтың төрт томдық толық шығармалар жинағына  бұрынғы басылымдарында жарық көрген туындылары түгел енгізілген. Сонымен қатар бұрын жарияланбаған, Қазақ Республикасының Мемелекеттік архивінен, ҚР ҒА Орталық ғылыми кітапханасынан, Президенттік архивтен, Жамбыл Жабаевтың мемориалдық мұражайының қолжазба қорынан, Қырғыз ҒА Әдебиет институтының қолжазба қорынан табылған ақын шығармалары алғаш рет осы басылымда берілген. Олардың қатарында  «Өтеген батыр» жырының бұрынғы жинаққа кірмеген нұсқасымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік архивінде сақталған 1937 жылы Жаманкеев Әбдіғаппар жазып алған көркемдік деңгейі, ұлттық рухы өте жоғары нұсқасы және  1940 жылы Әбдіғали Сариевтың айтуынан жазып алған  «Саурық батыр» жыры алғаш рет берілген. Жамбылдың әдеби хатшысы болған Ғали Ормановтың «Ғасырлық ғұмырдан бір тағылым» атты күнделігі, замандастарын тәнті еткен, бұған дейінгі жинақтарында жарық көрмеген тапқыр сөздері, уытты әзілдері, ауызша әңгімелері мен естелігі, музыкалық мұрасы – әндерінің, дастандары мен айтыстарының әуендері және күйлерінің ноталары жарияланған
          Жамбылдың екі томдық толық жинағы 1982 жылы шыққанын ескерсек, бар - жоғы 100 дана болып шыққан бұл  жинақтың 5 данасы Жамбыл атындағы мектеп-гимназия кітапхана қорының  құнды туындысы болып саналады. Осы сирек кездесетін туындыны алуға қаржылай көмек көрсеткен мектеп мұғалімдері, ата-аналарға алғысымыз шексіз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив