2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ
Бірінші кезең – ұйымдастыру жұмыстары 2022-2023 жылдар аралығын қамтиды.
Бүгінгі таңдағы психологиялық, педагогикалық, инновациялық өзгерістерге байланысты мектеп-гимназия жағдайында оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған білім беру кеңістігі қарастырылып, зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалады. Отандық, шетелдік ғалымдардың әдістемелік еңбектері мен педагогика, психология ғылымындағы ғылыми зерттеулерді талдау және мектептегі оқыту тәжірибесінің жағдайын, жетістіктері мен қайшылықтарын саралау барысындағы зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері анықталып, психологиялық-педагогикалық тәжірибе бағдарламасы әзірленіп, оқу үдерісіне енгізіледі.
Күтілетін нәтиже: эксперименттің нормативті құжаттары жасалады: «Қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың ұйымдастыру-педагогикалық шарттары» тақырыбындағы эксперименттік алаң жұмысының тұжырымдамасы, бағдарламасы және жоспары құрылып, талқыланып, бекітіледі.
Ұйымдастыру жұмыстары барысында педагогтермен «Эксперимент алаңының ғылыми-теориялық негіздері мен тәжірибелік бағыттарын таныстыру» семинары, «Ұлттық құндылықтар дегеніміз не?» жас мамдармен жұмыс, «Ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне бейімдеу» Семинар – практикумы, «Қазақ, ағылшын тілдердегі мақал- мәтелдердің құрамындағы ұлттық мәдени стереотип» облыстық семинар өткізіліп, 50-ден аса ұстаз, аудандық әдіскерлер қатысты.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алматы қаласында тіркелген, ай сайын шығатын республикалық ғылыми- әдістемелік педагогикалық журналдың №6 (126) басылымына «ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ» тақырыбында мақала жарияланып, дипломмен мараппаталды. Маусым 2023 жыл
Білім беру үдерісінде оқу пәндері, таңдау пәндері және ғылыми қоғамдар мен студиялардың жұмыс нәтижесінде 9-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін республикалық ғылыми жобалар байқауында ағылшын тілі пәні бойынша «Қазақ, ағылшын тілдеріндегі мақал мәтелдердің құрамындағы ұлттық мәдени стереотип» тақырыбында жазылған зерттеу жұмысы республикалық кезеңнен ІІ-орын иеленді, этномәдениеттану бағыты бойынша жазылған «Көкпар генезисі» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы қала облыс деңгейінде жүлделі орындар иеленіп, республикалық кезеңге қатысты. 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» ғылыми зерттеу жобалар байқауында 6-сынып оқушысы Қалмаханбет Аянның «Ұлыбритания Біріккен патшалығы мен Қазақстан Республикасы символдарының арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар» тақырыбында жазылған зерттеу жұмысы республикалық кезеңнен жүлделі ІІІ-орын иеленді.