Б А Ғ Д А Р Л А М А » СШ №5
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-08-20
Есепші:
+7(7262) 43-08-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
желтоқсан
2022

Б А Ғ Д А Р Л А М А


 

Зерттеудің нысаны – қала мектеп жағдайындағы білім беру үдерісінде.

Зерттеу пәні – психологиялық-педагогикалық негізде қала мектеп жағдайындағы білім беру кеңістігін құрастыру арқылы ұлттық құндылықтарды қалыптастыру ерекшеліктері.  

Зерттеудің мақсаты – қала мектеп жағдайында орта білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды насихаттау  үдерісін ғылыми-теориялық негіздеу және оны жүзеге асырудың  тәжірибелік ерекшеліктерін анықтау, оқу-тәрбие үдерісіне ендіруді   тәжірибелік сынақтан өткізу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, оқушының тұлғалық даму ерекшеліктері теориялық негізде қарастырылып, зерттеу жұмыстары жүйелі ұйымдастырылып, психологиялық-педагогикалық зерттеу құралдары дұрыс іріктелсе,  онда оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мүмкіндіктері тиімді пайдаланылады, өйткені оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық код, этномәдени мұра материалдары тиімді қолданылып, рухани-адамгершілік қасиеттер жиынтығын дамыту аксиологиялық негізде жүйеленіп, оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға алғышарт туындайды.

Зерттеу міндеттері:

1. Білім   берудің  жаңа  парадигмасы   мен  жалпы  орта   білім  беру  жүйесін дамыту тенденциялары аясында оқушы тұлғасын қалыптастыруда мектеп-гимназияның білім беру кеңістігін құрастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау;

2. Қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы  мүмкіндіктерін айқындау;

3. Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы  дидактикалық   мазмұнын жүйелеу, оның тиімділігін   дәлелдеу;

4. Қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың моделін ұсыну;  

5Оқушының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептің білім беру кеңістігінің тәжірибесін насихаттау, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету,  оның тиімділігін педагогикалық тәжірибе жүзінде тексеру, сараптамалық талдау және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеудің жетекші идеясы: 

Қала мектеп жағдайындағы  білім  беру   кеңістігін  құрастыруда оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негізі этномәдени материалдарын қолдану, рухани-адамгершілік қасиеттерді дамытуды ұйымдастыру педагогикалық әрекеттің құндылық  бағдары, өзегі  ретінде   танылуы - рухани, интеллектуалды, коммуникативті құзіреттілігі  дамыған тұлғаның  қалыптасуына   мүмкіндік  туындайды.

Зерттеу әдістері: зерттеу міндеттеріне сәйкес, мәселені шешуде философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, мемлекеттік ресми және нормативтік құжаттарды талдау, жалпы білім беретін мектептердің озат тәжірибелерін зерделеу, ұзақ мерзімді тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасау, тестілеу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, сараптау, нәтижелерді жүйелеу, графикалық бейнелеу әдістері арқылы қамтамасыз етілді.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: 

- жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың диалектикалық өзара бірлігіне байланысты тарихи, философиялық, әлеуметтік және мәдени ілімдер, -тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеуге аксиологиялық және акмеологиялық тұғырлары, тұлға дамуының жалпы диалектикалық ұстанымдары, тұлғаға бағдарланған білім беру және тәрбие  беруді ізгілендіру теориясы, қазіргі білім беру мәселелері, педагогикалық-психологиялық және кәсіби білім беру, педагогика, психология мен жеке тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері.  

Эксперименттік тәжірибенің зерттеу көздерi: 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясы, «Білім  туралы» Қазақстан  Республикасының  Заңы, ҚР Оқу-ағарту  министрлігінің нормативтік  құжаттары, зерттеліп  отырған   мәселе  бойынша философтардың, психологтардың  және  әдіскер   ғалымдардың  еңбектері.

Эксперименттік   тәжірибенің зерттеу  базасы: Жамбыл  облысы, Тараз  қаласы, Жамбыл  атындағы №5 мектеп-гимназиясы.

Эксперимент кезеңдері   және  күтілетін  нәтижелер

Психологиялық-педагогикалық  эксперимент 2022-2027 жылдар аралығына жоспарланып отыр. Шартты  түрде  3   кезеңге бөлінеді:

  • ұйымдастыру  кезеңі – 2022-2023жж.
  • қалыптастыру, жүзеге  асыру кезеңі – 2023-2026жж. 
  • қорытынды  кезең – 2026-2027жж.

Бірінші  кезең – ұйымдастыру  жұмыстары   2022-2023 жылдар  аралығын  қамтиды. 

Бүгінгі   таңдағы  психологиялық, педагогикалық, инновациялық  өзгерістергебайланысты мектеп-гимназия жағдайында оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған білім беру кеңістігі  қарастырылып, зерттеу  тақырыбының   өзектілігі  айқындалады. Отандық, шетелдік  ғалымдардың  әдістемелік   еңбектері  мен  педагогика, психология  ғылымындағы ғылыми  зерттеулерді   талдау  және мектептегі  оқыту   тәжірибесінің  жағдайын, жетістіктері  мен  қайшылықтарын   саралау барысындағы  зерттеудің ғылыми-әдіснамалық  негіздері анықталып, психологиялық-педагогикалық  тәжірибе бағдарламасы  әзірленіп, оқу  үдерісіне енгізіледі.

Күтілетін  нәтиже: эксперименттің нормативті  құжаттары   жасалады: «Қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың ұйымдастыру-педагогикалық шарттары»   тақырыбындағы эксперименттік   алаң  жұмысының тұжырымдамасы, бағдарламасы  және жоспары құрылып, талқыланып, бекітіледі.

Екінші  кезең – қалыптастыру  жұмыстарын   жүргізу  арқылы экспериментті  жүзеге   асыру кезеңі – 2023-2026 жылдар.

Зерттеудің   ғылыми  болжамы  мен   міндеттеріне  сәйкес, қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық   моделі  жасалады, жұмыстың  дидактикалық   тұғырлары нақтыланып, педагогикалық-психологиялық  шарттары   анықталады, арнайы курстар мен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың  нәтижелері кезең-кезеңмен  жүйеленіп,   ғылыми-әдістемелік  тұрғыда  сараланады.

Күтілетін нәтиже: 

  • қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық  шарттары   анықталады;
  • мектептің білім  беру  кеңістігінде психологиялық-педагогикалық  тәсілдер   арқылы  қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың моделі   құрастырылып, апробациядан  өтеді;
  • қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық  шарттары эксперименталды  түрде тексеріледі;
  • оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың критерийлері, көрсеткіштері  мен  деңгейлеріне   сипаттама  жасалынады;
  • қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы мектеп-гимназияның білім  беру   кеңістігін  құрастырудың  психологиялық-педагогикалық  аспектілері туралы  тұжырымдама басылымдарда  жарияланады;
  • эксперимент материалдарының  негізінде  оқу-әдістемелік  құралдар, жинақтар  шығарылады.


Үшінші  кезең – экспериментті  қорытындылау кезеңі 2026-2027 жылдар  арасын   қамтиды. 

Эксперимент  барысында   жинақталған  нәтижелер  мен тәжірибелік  жұмыстардың   соңғы  кезеңіндегі  қорытындыларды  көрсететін   және оларды жалпылауда  алынған  дидактикалық   мәліметтерді  қамтыған оқулықтар  мен  оқу   әдістемелік  құралдарды баспадан  шығару жүзеге  асырылады. Қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған   арнайы  курс  бағдарламасы бойынша  әдістемелік   ұсыныстар  даярланады. 

Күтілетін  нәтиже: «Қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың ұйымдастыру-педагогикалық шарттары»  тақырыбындағы   эксперименттік  алаң жұмысының нәтижесі  шығарылып, қорытындыланады.


Эксперименттің практикалық мәнділігі:

Ø  Білім берудің жаңашылдық сипатына сәйкес, жеке тұлғаны қалыптастыруда маңызды теориялық-әдіснамалық материалдар жалпы орта білім беруді реформалау аясындағы көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Ø  Қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалынып, ғылыми-әдістемелік материалдардың берілуі оқытудың дидактикалық мүмкіндіктерін жетілдіруде маңызды.

Ø  Эксперимент нәтижелерін жалпы орта білім беру жүйесінде, ғылыми-практикалық орталықтарда, жоғары оқу орындарында, колледждер мен мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары қызметінде пайдалану тиімді.

Эксперименттің қағидалары:

  • Білім берудің жаңа парадигмасының педагогикалық мәні мұғалім мен оқушы оқыту процесінің субъектілері және инновациялық-дидактикалық іс-әрекетті іске асырушы ретінде сипатталады.
  • Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері теориялық модельдің негізгі сипаттамасымен айқындалады.
  • Қазіргі кезеңде білім берудің жаңашылдық сипатына байланысты оқушылар бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру теориялық әдіснамалық тұрғыдан қарастырылып, жүйеленген сипаттамасы – оның дидактикалық негізін құрайды.
  • Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру деңгейлері, олардың оқу-танымдық іс-әрекетке қойылатын дидактикалық талаптар жиынтығын жүзеге асыру мүмкіндіктері арқылы анықталады.
  • Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру – тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру шарттарын, білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмасын, оның даму тенденцияларын есепке алады. 
  • Қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру - теориялық-әдіснамалық негізде анықталған ғылыми-әдістемелік жүйе арқылы жүзеге асады. 

Эксперимент  нәтижелерінің дәйектілігі мен сенімділігі: зерттеу тақырыбына сай теориялық қағидаларды әдіснамалық тұрғыда негіздеумен, зерттеу пәніне сәйкес, кешенді әдіс-тәсілдерді қолданумен, зерттеу қорытындыларының жалпы әдіснамалық негізде дәлелденуімен, нақты бірін-бірі толықтырушы ғылыми-эксперименттік әдістердің кешенді түрде қолдануымен, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижесінде алынған мәліметтердің тиімділігі дәлелденуімен қамтамасыз етілді.

Экспериментті өткізу үшін қажетті жағдайлар: Қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды жүзеге асыру білім беру кеңістігінің  негіздемесі және жұмыс ережесі, қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер, ақпараттық-коммуникациялық құралдар, жаңа технологиялар, кадрлық құрам, оқушылар контингенті, экспериментті жүргізу орны, қаржылық қолдау.  

Эксперимент дәйектілігін қамтамасыз ететін мониторинг және бақылау құралдары:  

  • Бірінші кезеңнің соңында, екінші кезеңнің ортасында және аяғында, үшінші кезеңнің соңында ағымдық мониторинг жүргізу. Бақылау құралдары: құжаттардың сапасы, алынған нәтижелерді сипаттайтын оқу-әдістемелік өнімдер, оқушылардың жетістіктері, педагогикалық ұжымнан алынатын сауалнама, ата-аналардың бағасы және оқушы тұлғасының әлеуметтену тетігін көрсететін бақылау-өлшеу қималары.  


Эксперимент дәйектілігін қамтамасыз ететін үлгі штаттық кестесі

р/с

Штаттық бірлік

Бірлік ставка


Ғылыми жетекші

0,5бірлік


Директордың ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары

0,5 бірлік


Бағдарламашы

1бірлік


Педагог-психолог

1бірлік


Әлеуметтік талдаушы

1 бірлік


Қосымша білім беру педагогы

2 бірлік


Эксперимент нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру.

Зерттеудің негізгі қағидалары ғылыми баяндама түрінде халықаралық  ғылыми-практикалық конференцияларда,  республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда, облыстық және аймақтық ғылыми конференцияларда, білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңестерінде,  республикалық, аймақтық, облыстық деңгейде өткізген ғылыми семинарларында,   мектептің педагогикалық және әдістемелік кеңестерінде, республикалық басылымдарда ғылыми мақалалар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, ақпараттық-сараптамалық материалдар, оқу-әдістемелік және мұғалімдерге арналған көмекші құралдар түрінде жарық көрумен жүзеге асады.


 


 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив