03
қыркүйек
2018
Хронологиялық кесте
Хронологиялық кесте
Мектеп 1934 жылы 25 қыркүйекте Әулиеата қалалық атқару комитетінің шешімі бойынша ашылды. Алғашқы жылы мектепке 79 оқушы қабылданды.
Білім ордасының тұңғыш директоры қызметіне Парманқұл Қырқынбаев тағайылған. Мектептің алғашқы ғимараты қазіргі Пушкин көшесінің бойында орналасқан еді.
1937 жылы мектепке халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаев есімі берілді;Биылғы оқу жылында мектеп – гимназиясында 2085 оқушы білім алуда. Оқушыларға білім, тәлім – тәрбие беруде 138 мұғалім қызмет етеді.
1938- 1939 оқу жылы алғашқы 24 түлек мектеп бітірді;
1934- 1937 жылдары шағын жинақталған мектеп;
1937- 1971 жылдары мектеп- интернат;
1971- 1991 жылдары қазақ орта мектебі болып қайта құрылды;
1991- 2001 жылдары мектеп - эксперименттік алаң;
2001- 2006 жылдары мектеп - шығармашылық зертхана;
2006-2011 жылдары жалпы білім беретін мектеп;
2011 оқу жылынан бастап мектеп-гимназиясы.
Бір ғасырға жуық тарихты қамтыған мектеп – гимназиясында көптеген озық тәжірибелі, ұлағатты ұстаздар еңбек етті. Осы уақыт аралығында:
30 ұстаз Халық ағарту министрлігі құрмет қағазының иегері;
32 ұстаз Қазақстанның халыққа білім беру ісінің озық қызметкері;
3 ұстаз «Құрмет белгісі» орденінің иегері ;