Қамқоршылық кеңес хаттамасы
Жамбыл атындағы №5 мекеп-гимназиясы қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысының ХАТТАМАСЫ
Өткізілген уақыты: 10 маусым 2020 жыл, сағат 11:00
Өткізілген орны: №5 мектеп-гимназиясы
Шақырылғандар: қамқоршылық кеңес мүшелері.
Қатысқандар саны: 12
КҮН ТӘРТІБІ:
Мектеп-гимназия директорының Қамқоршылық кеңесі алдындағы есебі
Баяндамашы: Төлеу С.Е.- мектеп-гимназия директоры:лім беұйымдары
Тыңдалды:л Төлеу С.Е.- мектеп-гимназия директоры
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша 2019 жылдың 2 тоқсанында Қамқоршылық кеңес отырысында мектеп-гимназия директорының есебі тыңдалды.
2019-2020 оқу жылында оқушыларға заман талабына сай білім, тәрбие беру мақсатында мектепте төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Қазіргі таңда мектеп-гимназияда 152 ұстаз еңбек етуде, оның жоғары санатты ұстаздары- 71, І санатты-30 және ІІ санатты ұстаздар саны - 33. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 70 ұстаз даярлық курстан, 10 мұғалім ағылшын тілінің В1-С1 деңгейдегі біліктілікті көтеру курсынан, 6 мұғалім бағалауға арналған тапсырмаларды даярлау курсынан және 2 мұғалім мектеп-гимназияда зерттеу жұмысын ұйымдастыру бойынша тренерлік курстан өтті.
Мектепте сапалы білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған 59 кабинет бар. Олар түгел эстетикалық және санитарлық – гигиеналық талапқа сай жабдықталған. Оның ішінде информатика кабинеті- 4 , IT кабинеті – 1, робототехника кабинеті – 1, қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті – 4, орыс тілі кабинеті - 2, шет тілі кабинеті - 4 , физика кабинеті -2, химия кабинеті – 1, биология кабинеті – 2, тарих кабинеті – 3, география кабинеті – 2, өзін – өзі тану – 2, технология кабинеті – 4, музыка кабинеті – 1, би залы-1, бейнелеу кабинеті-1, АӘД кабинеті-1, құқық кабинеті-1, бастауыш сыныпқа арналған кабинет - 20. Спорт зал – 2, бассейн – 1 (266 кв м), медициналық кабинет – 1, би залы-1, кітапхана -1, психология кабинеті -1, тіс емдеу кабинеті, мектеп музейі, акт залы – 1, асхана -2. Асханада тамақтану орны – 200 адамға арналған.
Мектеп-гимназиясы бойынша барлық компьютерлер саны – 207 Электрондық оқыту жүйесі бойынша қолданыстағы барлық компьютерлер, ноутбуктер, моноблоктар, информатика кабинеттеріндегі компьютерлер интернет желісіне қосылған. Интернет желісіне қосылу жылдамдығы – 35 Мбит/с.
1-10 сыныптар жаңартылған білім беру жүйесінде оқытылып, барлық сыныптар электронды күнделік, журналмен жұмыс жүргізілді. 2019-2020 оқу жылының төртінші тоқсаны пандемияға байланысты қашықтықтан оқытылды. Биылғы оқу жылын 2246 оқушы аяқтады. Білім сапасы 4,43% көтеріліп, 72,2% жетті. Жылдық қорытынды бойынша 624 оқушы үздік, 1054 оқушы екпінді, 569 оқушы орташа оқу үлгерімін көрсетті.
9-сыныптарды аяқтаған 199 оқушыға және 11- сыныптардың 97 оқушысына қорытынды емтихандардың пандемияға байланысты алынып тасталып, жылдық қорытынды бойынша мемлекеттік аттестат беріледі.
11 сыныптар бойынша 2 оқушы "Алтын белгі" төсбелгісімен Ыдырысова Аружан және Нұржау Нұрия, 7 оқушыға "Үздік" аттестатпен марапатталады.
2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың пән олимпиадасының көрсеткіші
Оқужылы | Қалалық | Облыстық | Республикалық |
2019-2020 | 14 | 3 | 1 оқушы қатысады |
Оқушылар арасында өткен ғылыми жоба жарысының көрсеткіші
Оқужылы | Қала | Облыс | Республикалық | Халықаралық | ||
қатысқаны | орын | қатысқаны | орын | |||
2019-2020 | 14 | 6 | 3 | 3 | 1 | 1 |
Мектепте үш тілде білім беру, оқушылардың коммуникативтік және танымдық құзыреттілігін дамыту мақсатында эксперимент жұмыстары жүргізілді. Көптілді оқытуда эксперимент сыныптарының оқу жоспары бойынша дүниежүзі тарихы пәні орыс тілінде, информатика, биология, химия, физика пәндері ағылшын тілінде оқытылды.
Эксперимент алаңына үйірме бойынша оқушылар мен мұғалімдердің ағылшын тілінде сөздік қорын, сөйлеу, айтылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын дамыту мақсатында үйірмеде ағылшын тілі бойынша топтар жұмыс жүргізді.
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын басшылыққа ала отырып, ақысыз ыстық тамақпен 185 оқушы қамтылды.
Мектеп – гимназияда оқушылардың сабақтан тыс бос уақытында еріктілік негізде шығармашылық және танымдық, қызығушылық қабілеттерін арттыру мақсатында қосымша білім беруге бағытталған пәндік, шығармашылық, спорттық, техникалық бағытта 42 үйірме жұмыс жүргізді. Мектепішілік үйірмелерге 1660 оқушы және мектептен тыс үйірмелерге 560 оқушы қамтылды. Жалпы көрсеткіш бойынша оқушылардың 98,8% пайызы қосымша білім беруге бағытталған үйірмелерге қамтылды.
Мектептің материалдық базасын нығайтуға, оқушыларға заман талабына сай білім, тәрбие беру мақсатына Қамқоршылық кеңестің және ата-аналардың демеушілігімен ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда бастауыш сынып ғимаратында орыс тілі кабинеті ашылды, мектеп дәлізіндегі терезелердің жалюзилері жаңартылды, шахмат кабинеті жасақталуда.
Оқу жылы | Қаржы соммасы | Құрал - саймандар |
2019-2020 о.ж | 26 983 000 | IT кабинетін техникалық жабдықталау - 6 237 107 Видеокамералар - 2 964 000 Сынып комплектісі жоғары сыныптар үшін - 975 000 Ағымдағы жөндеу жұмыстары - 4480 000 Бояу - 500 000 Аранаулы жұмыс киімдері - 1 55 000 Шарушалық бұйымдар - 300 000 Оқу құрал – жабдықтары - 300 000 Хлорка - 2 25 000 Спорттық бұйымдар - 60 000 Операциялық жүйе -1 380 000 IT кабинетінің программалық жабдықтамасы - 2 801 860 Жалау, герб - 178 000 Кітапхана қоры - 6 427033 |
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша Қамқоршылық кеңестің
ШЕШІМІ:
Мектеп-гимназия директоры С.Е.Төлеудің қамқоршылық кеңес алдындағы есебі негізге алынсын.
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Сағынтаева Айткүл Аубакирқызы
Хатшы: Ермекбаева Қымбат