06
ақпан
2021
"Қашықтықтан оқу жағдайында "төңкерілген сабақтың пайдасы мен кемшіліктері" атты коучинг өтті.
Жамбыл атындағы № 5 мектеп-гимназиясының ғылыми - әдістемелік бірлестіктерінің жоспарына сәйкес, ақпан айының 6- күні орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігі айлығының басталуына орай, пән мұғалімдеріне арналған "Қашықтықтан оқу жағдайында "төңкерілген сабақтың пайдасы мен кемшіліктері" атты коучинг өтті. Коучингті орыс тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі ұстаздары Л.Ауельбекова мен Д.Арыстамбекова өтті.Коучинг барысында пән мұғалімдері "төңкерілген сабақтың" тиімді және тиімсіз жақтарын анықтап, "төңкерілген сабақ" жоспарын жасап үйренді.
Қорытындылай келе қашықтықтан оқыту жағдайларында оқушыларды өздігімен үйренуге дағдыландыру, икемдеп, ынталандырып, "төңкерілген сабақтың тиімді жақтарын сабақта қолданатын болып шештік.