Уланудың алдын алу » СШ №5
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-08-20
Есепші:
+7(7262) 43-08-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
қараша
2023

Уланудың алдын алу

Уланудың алдын алу.
Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында 09.11.2023 оқу жылында 8,9,10,11 сынып аралығында «Уланудың алдын алу» тақырыбында дәріс өтті. Уланудың алдын алу жолдарын, мектеп медбикесі Қ.Базарбаева, бас аспазшы Н.Арынова, мектептің әлеуметтік педагог Қ.Мамасерикова түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Білім алушыларға сырттан магазиндерден тез ашитын өнімдерді алмауға және улану қауіпі бар екендігін де атап өтті. Уланудың алғашқы белгілері түсіндірілді.
Уланудың белгілері қандай?
Тамақтан улану аз уақыттың ішінде болады. Бұл ауру кезінде науқастың бойында мынадай белгілер болады:
жүрек айну, құсу;
диарея (іш өту);
асқазан немесе ішек ауруы;
әлсіздік, ұйқы қашу;
бас ауруы.
Тамақтан уланудың алдын-алу үшін:
Ағзада уланудың алдын алу үшін мына сақтандыру шараларын сақтаған дұрыс.
тамақ жасар алдында және шикі ет немесе тауықты ұстаған соң қолыңызды сабындап жуыңыз;
көкөністер мен жемістерді мұқият жуыңыз;
шикі етті турап болған соң, тақтай мен басқа да аспаптарды жуыңыз;
тамақ жасар алдында мұздалған тауықты жақсылап ерітіңіз. Егер мүмкіндік болса, оны тоңазытқышта ерітіңіз, суық бактериялардың көбеюінің алдын алады;
ет және балық өнімдерін жақсылап қуырыңыз;
ет, тауық және балықты қуырмас бұрын бір ыдысқа салмаңыз;
тағамдарды тарақан, маса және тышқандардан қорғау үшін бетін әрдайым жауып жүріңіз;
буфет, асханаларда тамақтанғанда абай болыңыз;
тамақ қалдығын тоңазытқышта сақтаңыз, ал пикникке апаратын тағамдарды арнайы ыдыстарға салыңыз;
шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтаңыз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив