01
қыркүйек
2023
ЭКСПЕРИМЕНТ АЛАҢЫ БАҒДАРЛАМАШЫСЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2022 жылғы 31 тамыздағы №477-Ө бұйрығын басшылыққа ала отырып Жамбыл атындағы №5 мектеп- гимназия директорының 17.10.2022жылғы
№191т1 бұйрық негізінде
Эксперимент алаңы бағдарламашысының
лауазымдық міндеттері
Бұйрық №________
«01» қыркүйек 2023ж.
31.08.2023 күнгі №1 педкеңес шешімі
1. Жалпы ережелер
- Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің тізімінде №17669 тіркелген), Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5- бабының 44-1 тармақшасы «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламасын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларымен бекітілген және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Еңбек кодексі, ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 2009 жылғы 13 шiлдедегi «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығы, жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері және жергілікті нормативтік актілер негізінде жасалды.
- Эксперимент алаңы бағдарламашысы лауазымына бейінді кәсіптік білімі, дербес компьютерлер мен ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәжірибесі бар, жергілікті желілердің негіздерін (TCP/IP хаттамаларын, желілік жабдық, жергілікті есептеу желілерін құру қағидаларын) білетін адам тағайындалады.
- Эксперимент алаңы бағдарламашысы білуі керек:
- ұйымдастыру техникасы мен дербес компьютерлер жабдықтарының техникалық сипаттамалары, мақсаты, жұмыс режимдері, конструктивтік ерекшеліктері, техникалық пайдалану қағидаларын.
- дербес компьютерлер мен оргтехниканы жөндеу принциптерін.
- ақпараттық қауіпсіздік негіздерін, ақпаратты санкцияланбаған қол жеткізуден, зақымданудан немесе қасақана бұрмалаудан қорғау тәсілдерін қамтуды.
- техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібін қамтуды.
- ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидаларын қамтуды.
- еңбек заңнамасының негіздерін.
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормаларын қамтуды.
- Эксперимент алаңы бағдарламашысы лауазымына тағайындау және лауазымнан босату мектеп-гимназия директордың бұйрығымен жүргізіледі.
Лауазымдық міндеттері
Эксперимент алаңы бағдарламашысы:
- компьютерлік жұмыс жабдығына операциялық жүйелер мен жұмысқа қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуға.
- компьютерлік жабдықты жұмысқа қабілетті күйде ұстауға.
- пайдаланушыларды серверінде тіркеу, идентификаторлар мен құпиясөздерді тағайындауға.
- пайдаланушыларға техникалық және бағдарламалық қолдауды жүзеге асыруға, пайдаланушыларға жұмыс мәселелері бойынша консультация беруге.
- желілік ресурстарға қол жеткізу құқықтарын белгілеуге және оларды пайдалануды бақылауға.
- деректерді уақтылы көшіруді, мұрағаттауды және резервке қоюды қамтамасыз етуге.
- пайдаланушылардың және бағдарламалық қамтамасыз етудің қателерін анықтауға және оларды түзету жөнінде шаралар қабылдауға.
- желілік қауіпсіздікті ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден, жүйелік файлдар мен деректерді қараудан немесе өзгертуден қорғауды қамтамасыз етуге.
- жұмыс компьютерлік жабдықтарын вирусқа қарсы қорғауды жүзеге асыруға.
- кеңсе техникасын жаңғырту және сатып алу жөнінде ұсыныстарды әзірлеуге.
- сайтқа жүктеу алдында құжаттаманы беттеуді жүргізуге.
Құқықтары
Эксперимент алаңы бағдарламашысы:
- атқаратын лауазымы бойынша оның құқықтары мен міндеттерін, лауазымдық міндеттерін атқару сапасын бағалау өлшемшарттарын айқындайтын құжаттармен танысуға.
- мектеп директордың қарауына осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге.
- басшылықтан лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ұйымдастырушылық - техникалық жағдайларды қамтамасыз етуді талап етуге.
- біліктілігін арттыруға құқығы бар.
Жауапкершілігі
Эксперимент алаңы бағдарламашысы:
- Мектеп Жарғысында жазылған міндеттерді лауазымдық нұсқауларды қатаң сақтауға;
- Мектеп директорының бұйрығын уақытында орындау, берілген жұмыс уақытын сақтауға;
- Берілген тапсырмалар мен анықтамаларды дер кезінде даярлап, талапқа сай алып келуге;
- Эксперимент алаңында жүргізілген іс шаралады әлеуметтік желіге жариялау;
- Жариялымдар мен тартылымдарды жинақтау.
Жұмыс уақыты – 08.00. – 17.00. Түскі үзіліс – 13.00. – 14 .00 аралығы.
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым:
____________________ /Жұмабаев Мағжан Мықтыбекұлы\
01.09.2023ж