Семинар-тренинг » СШ №5
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-08-20
Есепші:
+7(7262) 43-08-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
қараша
2022

Семинар-тренинг

 
Білім деңгейін көтеру және ұлттық құндылықты насихаттауды арттыру мақсатында, интегралды әдіс пен әмбебап құралдың тұлғаға әрекет етуі ретінде, әртүрлі деңгейдегі білім беру мекемелері мен этно-мәдени мұралардың ынтымақтастығын шындығында да бірегей етеді. Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында «Қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың ұйымдастыру- педагогикалық шарттары» тақырыбында эксперименттік алаң жұмысын бастады.
01.11.2022 жылы эксперимент алаңы тақырыбы, мақсаты және міндеттерімен таныстыруға эксперимент алаңы жұмысының ғылыми жетекшісі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Әлеуметтік психология кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының кандидаты Турдалиева Шолпан Турсумбаевна келді.
«Ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселесінің өзектілігі, білім беру аясында оқушылардың ішкі әлемін рухани байыту міндеттерін туындатады. Бұл міндеттемелердің шешімін іздестіруде, тәрбиелік-танымдық жұмыстар жүйесі ерекше рөл атқарады. Оның негізгі мақсаты – оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, олардың сабақта алған білім, іскерлік дағдыларын дамыту, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу. Эксперименттік ғылыми-зерттеу алаңы - зерттеулерге, эксперименттерге, ғылыми ойлауға талпынысы мен қызығушылығы бар оқушыларды біріктіруге шақырады. Өзіндік ой қорыту, креативтілік тәрізді қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді» деп атап өтті.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив