Ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру
Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында оқушыларды ыстық тамақпен қамту ҚР Үкіметінің 25.01.2008 жылғы №64 «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен көнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.03.2012 жылғы №320 «Әлеуметтік көмек көрсететін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысы және «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде ақысыз ыстық тамақпен 190 оқушы қамтылған. Олардың күнделікті асханадан ақысыз ыстық тамақпен қамтылуын сынып жетекшілері және әлеуметтік педагог М.Райсова қадағалайды.
Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс-аяқтардың тазалығы, азық-түлік сақтайтын қоймалар, жеміс-көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, қуыру цехтары, ыдыс-аяқ жуатын бөлмелер, азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақтылы мектеп медбикесі Қ.Базарбаева толтырылған. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталуы қамтамасыз етілген. Ата-аналар мен басқа бақылаушылар тарапынан «Шағымдар мен ұсыныстар» журналы арналған. Мектеп асханасының көрінетін жерінде дұрыс тамақтану бұрышы ұйымдастырылып, «Бақылау асы» қойылған. Тез бұзылатын азық-түліктердің сапасын тексеру журналы арналған. Асхананың тазалығын тексеру кітапшасы бар. «С» дәруменін қосу күнделікті журналға тіркелген. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде сәйкес келеді.