07
қыркүйек
2022
Асхана жұмысы
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы" КММ
Асхана жұмысын бақылау жөніндегі мәлімет
Асхана жұмысын бақылау мақсатымен мектепте тамақтанудың сапасын бақылау комиссиясы құрылған, комиссия құрамына мектеп әкімшілігі, медбике, ата-аналар комитетінің төрайымы, қамқоршылық кеңесінің мүшелері енгізілген. 2022 жыл 07 қараша күні мектеп асханасы тексерілді. Асхананың санитарлық жағдайы, тағамдарды дайындау технологиясының орындалуы, дайын өнімнің шығуы, тоңазытқыштағы тауарлардың орналасуы, қажетті құжаттардың толтырылуы бақыланды.
Азық - түлік блогының құрамына кіретіндер: ыстық цех аймақтары, тарату, дайындау, асханалық ыдыс-аяқ жуатын, құрғақ азық-түліктердің қоймасы, көкініс қоймасының тазалығы талапқа сай.
Перспективалық ас мәзірі және пісірілетін өнімдердің тізімдері бар.Перспективалық ас мәзірін дайындаған кезде оқушылардың жас ерекшілігі, нормасы, тағамның каллориялық құндылығы қарастырылған. Тамақтану бекітілген ас мізірі бойынша орындалады. Дайын тағамдардың тізімі нормалары және бағасы қызметкерлерді, оқушыларды және ата-аналарды таныстыру мақсатымен қойылған.Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мақсаттармен асхананы жинау кестесі, аспаздар үшін нұсқаулықтар құрастырылған, аспаздар бұрышында ілінген. Асхана жуатын құралдармен қамтамасыз етілген. Дезинфекция құралдары күн сайын дайындалады.
Асхана жұмысын бақылау барысында санитарлық нормалар мен ережелер сақталған, кемшіліктер кейбір ыдыстардың шеттері сынған, шай ішетін бакалдары жарылған. Оларды дер кезінде ауыстыру ескертілді.