01
қыркүйек
2023
ЭКСПЕРИМЕНТ АЛАҢЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2022 жылғы 31 тамыздағы №477-Ө бұйрығын басшылыққа ала отырып Жамбыл атындағы №5 мектеп- гимназия директорының 17.10.2022жылғы
№191т1 бұйрық негізінде
Эксперимент алаңы әлеуметтік педагогының
лауазымдық міндеттері
Бұйрық №________
«01» қыркүйек 2023ж.
31.08.2023 күнгі №1 педкеңес шешімі
Жалпы ережелер
- Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің тізімінде №17669 тіркелген), Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5- бабының 44-1 тармақшасы «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламасын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларымен бекітілген және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Еңбек кодексі, ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 2009 жылғы 13 шiлдедегi «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығы, жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері және жергілікті нормативтік актілер негізінде жасалды.
- Эксперимент алаңы әлеуметтік педагог лауазымына жоғары педагогикалық білімі; әлеуметтік педагог лауазымындағы тәжірибесі бар, білетін адам тағайындалады.
- Эксперимент алаңының әлеуметтік педагогы білуі керек:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді;
- әлеуметтік саясат негіздерін; жалпы және әлеуметтік педагогиканы; педагогика мен психологияны,
- әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістемелерді; әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды;
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
- Эксперимент алаңының әлеуметтік педагогы лауазымына тағайындау және лауазымнан босату мектеп-гимназия директордың бұйрығымен жүргізіледі.
Лауазымдық міндеттері
Эксперимент алаңының әлеуметтік педагогы:
- Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.
- Білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар және ұйым, отбасы, орта, түрлі әлеуметтік қызметтер, ведомстволар мен әкімшілік органдар мамандары арасында делдал болады.
- Білім беру ұйымдарында және жеке тұлғаның қоғам өміріне бейімделуін қамтамасыз ететін тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады.
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, девиантты мінез-құлықпен оқитын бала кезінен мүгедектерді патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
- Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды.
- Әлеуметтік ортада адамгершілік қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді. Бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
- Мұғалімдермен, ата-аналармен және білім алушылардың өзге де заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды.
- Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
- Білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.
- Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
- Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Құқықтары
Эксперимент алаңы әлеуметтік педагогтың:
- атқаратын лауазымы бойынша оның құқықтары мен міндеттерін, лауазымдық міндеттерін атқару сапасын бағалау өлшемшарттарын айқындайтын құжаттармен танысуға;
- мектеп директордың қарауына осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
- сабаққа қатысуға;
- мектеп әкімшілігі, мед. жұмыстары, педагогтары мен басқа да әлеуметтік өкілдеріне бала денсаулығын сақтау және құқығын қорғау жөнінен мәселе ( сұрақ ) қоюға;
- басшылықтан лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ұйымдастырушылық - техникалық жағдайларды қамтамасыз етуді талап етуге;
- біліктілігін арттыруға құқығы бар.
Жауапкершілігі
Эксперимент алаңы әлеуметтік педагогтың:
- Оқушыға қолайлы жағдай туғызу, әлеуметтік категориядағы отбасы балаларымен жұмыс жасау;
- Рухани жан дүниесін танып білу;
- 1-11 сынып оқушыларының әлеуметтік тұрмыстық жағдайына база жинақтау (электрондық нұсқада) және эксперимент алаңы негізінде жұмыстар жүгізу;
- Мектеп Жарғысында жазылған міндеттерді лауазымдық нұсқауларды қатаң сақтауға;
- Мектеп директорының бұйрығын уақытында орындау, берілген жұмыс уақытында орындауға міндетті.
Жұмыс уақыты – 09.00. – 18.00. Түскі үзіліс – 13.00. – 14 .00 аралығы.
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым:
____________________ / Ідреисова Жүрсінай Оңдасынқызы /
01.09.2023ж