ЭКСПЕРИМЕНТ АЛАҢДА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2022 жылғы 31 тамыздағы №477-Ө бұйрығын басшылыққа ала отырып Жамбыл атындағы №5 мектеп- гимназия директорының 17.10.2022жылғы
№191т1 бұйрық негізінде
Эксперимент алаңда қосымша білім беру педагогының лауазымдық міндеттері
Бұйрық №________
«01» қыркүйек 2023ж.
31.08.2023 күнгі №1 педкеңес шешімі
Жалпы ережелер
- Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің тізімінде №17669 тіркелген), Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5- бабының 44-1 тармақшасы «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламасын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларымен бекітілген және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251-III Еңбек кодексі, ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 2009 жылғы 13 шiлдедегi «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығы, жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері және жергілікті нормативтік актілер негізінде жасалды.
- Эксперимент алаңда қосымша білім беру педагогы лауазымына педагогикалық бейін бойынша орта кәсіптік білім алған немесе балалар бірлестігінің бағытына сай болады, ал жұмыс өтіліне ешқандай талаптар жоқ. Жоғары педагогикалық білімі балалар бірлестігінің бағытына сәйкес болса, ал жұмыс өтіліне ешқандай талаптар қойылмайды.
- Эксперимент алаңда қосымша білім беру педагогы білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, білім беруге байланысты басқа да құқықтық нормативтік актілерді; педагогика, психология теориясын, жас физиологиясын, мектеп гигиенасын, пәнді оқыту әдістемесін; тәрбие жұмысының әдістерін, бағдарламалар мен оқулықтарды; пән кабинетінің жабдықталуына қойылатын талаптарды; оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; педагогика ғылымының даму бағыттарын; шығармашылық әрекетінің негіздерін; талантарды іздеу және қолдау әдістерін; ойын-сауық және демалысты, спорттық-сауықтыру және бос уақытты ұйымдастырудың ғылыми-техникалық, эстетикалық әрекетінің мазмұны мен әдістерін меңгеру, үйірме, клуб, секция, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламаларын; балалар ұжымы, ұйымдары және қауымдастығы әрекетінің негіздерін, еңбек туралы заңнаманың негіздерін білу.
- Эксперимент алаңда қосымша білім беру педагогы лауазымына тағайындау және лауазымнан босату мектеп-гимназия директордың бұйрығымен жүргізіледі. Қосымша білім беру педагогы негізінен азаматтық қызметшілер санатына жатқызылған.
Лауазымдық міндеттері
Эксперимент алаңда қосымша білім беру педагогы:
- Әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады, қамтамасыз етеді.
- Қосымша білім беру бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, оның сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
- Үйірме, секция, студия, клубтық және басқа бірлестіктерге балаларды жинақтайды, оқу мерзімінің соңына дейін сол құрамды сақтауға жағдай туғызады.
- Психофизиологиялық мақсаттан туындайтын педагогикаға негізделген жұмыс формаларымен, құралдарымен және әдістерімен қамтамасыз етеді.
- Дарынды және талантты білім алушылармен (тәрбиеленушілермен) қатар, мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуына қолдау көрсетеді.
- Еңбекті қорғау, өрттен сақтану мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді.
- Өзінің кәсіби біліктілігін жетілдіреді. Ата-аналарға, оларды алмастырушыларға, сол сияқты педагог қызметкелерге қажетті кеңес береді.
Құқықтары
Эксперимент алаңда қосымша білім беру педагогы:
- атқаратын лауазымы бойынша оның құқықтары мен міндеттерін, лауазымдық міндеттерін атқару сапасын бағалау өлшемшарттарын айқындайтын құжаттармен танысуға.
- мектеп директордың қарауына осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
- басшылықтан лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ұйымдастырушылық - техникалық жағдайларды қамтамасыз етуді талап етуге;
- біліктілігін арттыруға құқығы бар.
Жауапкершілігі
Эксперимент алаңда қосымша білім беру педагогы:
- Әр баланың бабын таба отырып, оны мектепке бейімдеу, оқыту процесі мен оның қажеттілігі туралы түсініктің негіздерін беру.
- Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтайды, оны дамытуға, кәсіби қызығушылығының тұрақты қалыптасуына, тәрбиеленушілердің тұлғалық рухани-адамгершілігін қалыптастыруға ықпал ету;
- Оқу үрдісінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.
- Рухани жан дүниесін танып білу.
- Оқушылардың мәдени-көпшілік шараларына қатысуын ұйымдастыру;
- 1-11 сынып оқушылары арасында дарынды балалар базасын жинақтау (электрондық нұсқада) және эксперимент алаңы негізінде жұмыстар жүгізу.
- Мектеп Жарғысында жазылған міндеттерді лауазымдық нұсқауларды қатаң сақтауға.
- Мектеп директорының бұйрығын уақытында орындау, берілген жұмыс уақытында жүргізуге жауапты.
Жұмыс уақыты – 09.00. – 18.00. Түскі үзіліс – 13.00. – 14 .00 аралығы.
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым:
____________________ / Тілепбергенова Асылай Лесбекқызы /
____________________ / Әміре Нурила Абылайқызы /
01.09.2023ж