ЭКСПЕРИМЕНТ АЛАҢЫ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2022 жылғы 31 тамыздағы №477-Ө бұйрығын басшылыққа ала отырып Жамбыл атындағы №5 мектеп- гимназия директорының 17.10.2022жылғы
№191т1 бұйрық негізінде
Эксперимент алаңы педагог-психологының
лауазымдық міндеттері
Бұйрық №________
«01» қыркүйек 2023ж.
31.08.2023 күнгі №1 педкеңес шешімі
Жалпы ережелер
- Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің тізімінде №17669 тіркелген), Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5- бабының 44-1 тармақшасы «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламасын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларымен бекітілген және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Еңбек кодексі, ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 2009 жылғы 13 шiлдедегi «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығы, жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері және жергілікті нормативтік актілер негізінде жасалды.
- Эксперимент алаңы педагог-психологы лауазымына "Педагогика және психология" бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
- Эксперимент алаңының педагог-психологы білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы" Заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер; жеке тұлға психологиясы, дифференциалды балалар және жас ерекшеліктері, әлеуметтік, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика; педагогикалық этиканың нормалары; дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіптік бағдар, мамандану және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері; белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас әдістері; жеке және топтық кеңес берудің, диагностика мен баланың дамуын түзетудің заманауи әдістері, еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
- Эксперимент алаңының педагог-психологы лауазымына тағайындау және лауазымнан босату мектеп-гимназия директордың бұйрығымен жүргізіледі.
Лауазымдық міндеттері
Эксперимент алаңының педагог-психологы:
- оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтікпсихологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, сондай-ақ кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
- білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады;
- инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді;
- білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
- әр түрлі бағыттағы және бағыттағы психологиялық диагностиканы жүргізеді, оқыту, тұлғалық даму және мінез-құлық проблемаларын уақтылы анықтайды, психологиялық қорытынды жасайды; ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және оның негізінде оқушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ педагог-ассистенттің іске асыруы үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу бағдарламаларын әзірлейді;
- әртүрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары нысанында психологиялық көмек көрсетеді;
- ата-аналарға, педагогтерге, мамандарға, нақты психологиялық мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсетеді;
- баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі; балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
- білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Құқықтары
Эксперимент алаңы педагог-психологтың:
- атқаратын лауазымы бойынша оның құқықтары мен міндеттерін, лауазымдық міндеттерін атқару сапасын бағалау өлшемшарттарын айқындайтын құжаттармен танысуға;
- мектеп директордың қарауына осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
- сабаққа қатысуға;
- басшылықтан лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ұйымдастырушылық - техникалық жағдайларды қамтамасыз етуді талап етуге;
- біліктілігін арттыруға құқығы бар.
Жауапкершілігі
Эксперимент алаңы педагог-психологтың:
- Оқушыға кәсіби құзыреттілікті арттыру, психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолдану;
- Дарынды оқушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асыру;
- Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да ісшараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
- 1-11 сынып оқушыларының психологиялық жағдайына база жинақтау (электрондық нұсқада) және эксперимент алаңы негізінде жұмыстар жүгізу;
- Мектеп Жарғысында жазылған міндеттерді лауазымдық нұсқауларды қатаң сақтауға;
- Мектеп директорының бұйрығын уақытында орындау, берілген жұмыс уақытында орындауға міндетті.
Жұмыс уақыты – 08.00. – 17.00. Түскі үзіліс – 13.00. – 14 .00 аралығы.
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым:
____________________ / Каримжанова Гүлнұр Бахытқызы/
01.09.2023ж